#qyzylordatv #заңментәртіп

Облыстық Әділет департаментінің бастамасымен Болашақ университетінде «Заң клиникасының» ашылу салтанаты өтті. Бұл бастама студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.

Университет қабырғасында ашылған «Заң клиникасы» – студенттердің тәжірибесін арттырып, заң саласында практикалық білім алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұнда аймақ тұрғындары үшін де тегін кеңес беру қызметі қарастырылған. Бұл орталық аймақтағы құқықтық мәдениетті дамытуға үлес қосады дейді университет басшылығы.

Шара барысында Әділет департаменті мен университет басшылығы екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжаттың мақсаты - студенттердің тәжірибеден өту мүмкіндігін кеңейту.

«Заң клиникасының» ашылуы оқу ордасы мен мемлекеттік органдардың байланысын нығайтудың бір қадамы.Әділет департаменті мұндай жобаларды алдағы уақытта өзге оқу орындарын да жүзеге асыруды жоспарлап отыр.Бұл бастама заң саласына білікті маман даярлауға жаңа серпін бермек.