#qyzylordatv

Елімізде кәсіподақ қозғалысының құрылғанына 120 жыл толып отыр. Ең алғашқы кәсіподақ ұйымы 1905-ші жылы Қарағанды облысындағы Өспен мыс кенішінде бес шахтердың бастамасымен құрылған.

 Қазір кәсіподақтар елдегі ең ауқымды қоғамдық ұйымдардың бірі саналады. Федерация құрамында 2 миллионға жуық мүше бар. Ал Қызылорда облысы кәсіподақтары қозғалысының 75 жылдық тарихы бар. Іргелі ұжымның ілкімді істері мен мақсат-мүддесі туралы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мақсұт Нәлібаев баяндап берді.

 МАҚСҰТ НӘЛІБАЕВ - ОБЛЫС БОЙЫНША АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ // Кәсіподақ - бұл жұмыс берушіге өте тиімді, қоғамдық ұйым. Өйткені жұмыс берушімен жұмыскердің арасында әр уақытта өзара қатынас болады, сұрақтар туындайды, осы кезде әрбір жұмысшы қордаланған сұрақтардың барлығын өзінше жеке көтермей, осы қоғамдық ұйым арқылы жеткізіп, соның барлығын заңның аясында, ұжымдық шарттың аясында шешіп отырады. Кәсіподақтардың негізгі міндеттері жұмыскерлердің заңды құқықтарын қорғау, мүдделерін білдіру, күш біріктіру, еңбек заңнамаларының сақталуына қоғамдық бақылау жасау.