#qyzylordatv
Қызылордада 15 жастағы мектеп оқушысына шабуыл жасалды. Кәмелетке толмаған баланың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген жәбірленуші кеуде тұсы мен ішіне бірнеше пышақ жарақатын алған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық істі тергеу барысын полиция департаменті басшылығы ерекше бақылауға алды.
СЕРІК ТОҚТЫБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
//Кәмелетке толмаған жасөспірімге қасақана ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істің тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында//