#qyzylordatv

Бүгін Үкімет отырысында міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесін жаңғырту, көлеңкелі экономиканы төмендету шаралары талқыланды. Аталған тақырып аясында аймақта осы бағыттағы тірліктер барысы талқыға түсті.

 Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі бірқатар негізгі жаңалықты көздейтін заң қабылданғаны мәлім.

Ол заңның шеңберінде 2026 жылы МӘМС жүйесі жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен дағдарысты және шұғыл әл-ауқат деңгейі, яғни Д және Е санаты бар 1 миллионға жуық адамды қосымша қамтитын болады. Облыста қыркүйек айының соңғы күндеріндегі дерек бойынша «Д» санаттағы 34793, «Е» санатында 13117 адам бар. Осы аталған саннатағы тұрғындардың сақтандыру қаржысын жергілікті бюджет өтейтін болады.

 Арнайы санаттағы азаматтарды жұмыспен қамту, сақтандыру, жалпы әлеуметтендіру өте маңызды. Бұл ретте медицина саласына бюджеттен бөлінген қаражат мақсатты жұмсалуы маңызды, кейбір басшылардың жеке емханасы, жеке дәріханасы барын, көп жағдайда соған бүйректері бұрып, мемлекет қаржысын да сол жаққа бағыттағысы келіп тұратындары жасырын емес. Ондай әрекетке тегеурінді тиым салынатыны, тіпті құзырлы органдардың тексеруіне жол ашылатыны ескертілді. Президентіміз экономикаға қауіп төндіріп, залал келтіретіндердің жолын кесу шараларын үздіксіз жүргізуді тапсырғаны белгілі. Бюджет қаржысының мақсатты пайдаланылуы бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының, мемлекеттік кірістер, ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінің ұдайы бақылауында болуы тиіс. Жәйдан-жәй айтылған дерек емес бұл, жыл басынан бері бұл бағытта 44 қылмыстық іс тіркеліпті

 Бюджет қаржысының бөлінген сәтінен бастап түпкілікті нәтижеге қол жеткізілгенге дейін цифрландырып, оның ашықтығы қамтамасыз етілуі керек. Бұл маңызды. Кей шенділердің қолы кірлеп, күні ертең тергеу сатысында терлемесі үшін, ел алдында масқарасы шықпасы үшін. Күн суыды. Жылу беру маусымының басталуына бір апта уақыт қалды. Өткен мәжілісте облыс әкімі көмір қорын жасақтауды тапсырған-ды, бүгінгі ахуал қандай

 Көмір жеткізу, қажетті қорды жасақтау жұмыстары жедел реттелуі тиіс деп тапсырды облыс әкімі. Қызылорда құрылыс қарқыны бойынша үздік үштікте. Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысы мен жеке салушылардан дайын 3 800 пәтерді сатып алуға 58 млрд 785 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл баспаналардың сапасын әкімдер мен құзырлы басқармалар жіті тексерулері шарт.

Айта кетейік, еліміздегі 11-ші аймаққа, яғни Қызылорда облысына 11 мың орындық стадионды жедел және сапалы салып шыққан мердігер мекемеге және құзырлы басқармалар мен жанашыр азаматтарға осы жиын барысында құрмет көрсетілді.