#qyzylordatv #жұмысшымамандықтаржылы

Жұмысшы мамандықтар жылына орай Шиелі ауданында «Ауыл күндері» байқауы өтті. Қарапайым еңбек адамының мәртебесін арттырған жоба туралы келесі бейнематериалымызда.

Ауыл халқы қай істе де ынтымақты ту етеді. «Ауыл күндері» байқауы да әр елдімекеннің мығым бірлігін, берекелі істерін паш етті. Қызығы сол, байқау маусым, шілде, тамыз айларында дәстүрлі түрде әр аптаның жұма күні ұйымдастырылды.

 АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ, АУДАН ӘКІМІ

Бұл бастама – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай ұйымдастырылған игі шара. Президентіміз атап өткенлей, еңбек адамы – елдің тірегі, халықтың болашағы. Сондықтан біз еңбек адамын әдіртпе, аулдың өркендеуін басты назарда ұстап келеміз.Шиелі ежелден-ақ еңбекқорлығымен, өнерлі жастары және сыйлы азаматтарымен дараланған қасиетті мекен. Облысымыздағы 10 ғасыр адамының 5 ғасыр адамы, 41 социалистік еңбек ері, 1 Қазақстан Республикасының «Ерен еңбек ері» шыққан өңір.

Әр ауылдың толымды тірлігі пен ұйымшылдығын байқатқан додада І орынды Ақмая және Жиделіарық ауылдық округтері иеленді. Ал ІІ орынды Бәйгеқұм және Талаптан ауылдық округтері олжаласа, ІІІ орын Жаңатұрмыс, Телікөл, Жуантөбе, Бестам ауылдық окургтеріне бұйырды.

ҒАЛЫМЖАН БЕЙСЕНБАЕВ, АҚМАЯ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ Жалпы Ақмая ауылы 1938 жылы құрылған. Ауылдың негізгі күнкөріс көзі – ауылшаруашылығы. Оның ішінде күріш өнімдері, бау-бақша өнімдері, мал шаруашылығымен айналысады. Біз еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен осы ауылды дамыту мақсатында ауылдың өнерпаздарын,ауылдың еңбегін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған Ауыл күндері деген керемет шараның куәсі болып отырмыз.

 Шиелі – ауылшаруашылығы қарқынды дамыған, адал еңбектен береке тапқан аудан. Шара барысында аудан тұрғындарының мамыражай, көңілді тұрмысына куә болдық.

ЖАНАТ ЖАРҚЫНБЕК, БАЙСЫН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫБіздің ауданымызда Ауыл күндері екінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда.Бұл Ауыл күндері іс-шарасын Еңбек адамының мейрамы деп айтар едім.Өйткені бұл жерде еңбек адамының ішкі өнері ғана емес,қолөнері, кәсібі барлығыжан-жақты паш етіліп көрсетілуде.Осы Ауыл күндері іс-шарасына кішкентай баладан қарияларға дейін қуанып келіп,демалып, қолымыздан келген кәсібімізді көрсетіп, барлық жағынан қуаныштымыз. Осы іс шараны ұйымдастырып жатқан ауданның ел ағаларына риазымыз. Іс-шара өзінің жалғасын таба берсе деп ойлаймыз. Біздің ауыл Ауыл күндерінен үшінші орын алып, қуанып тұрмыз.

 Ауыл дамыса, мемлекет қуатты болмақ. Бүгінгі таңда ауылдық жерлерде жаңа үйлер салынып, әлеуметтік нысандар бой көтеріп, жастарға жағдай жасалып жатқаны қуантады. Білім алуға, кәсіп бастауға, еңбектенуге мүмкіндік көп. Ал мұндай байқаулар ауыл халқының бірлігі мен ынтымағын арттыра түсетіні сөзсіз.