#qyzylordatv
«Алты Алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын – мұғалімдікі». Мағжан ақын бір ғасыр бұрын ұстазды осылай бағалаған. Бүгінде ағартушылық миссияны адал атқарып, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу жолында еңбек етіп жүрген ұстаздарға деген құрмет ерекше.
Шиелі ауданында Ұстаздар күніне орай «Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын» атты салтанатты шара өтіп, бала бағбанына айналған жандар құрмет төрінен көрінді.
Білім саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, ел алғысына бөленген ұстаздың бірі – Халықбек Әлтай. Шәкірттерін білім шыңына жетелеген ұстаз еңбек жолын 1981 жылы бастаған. Шиелі кәсіптік техникалық училищесінде физика пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеген маман бірқатар қызметті абыроймен атқарып, ел игілігі үшін қызмет етті. Бірнеше мектептің басшысы болып, 2023 жылы зейнетке шықты. Бүгінде ұстаздың ұл-қызы мен келіндері де осы мамандықтың иесі. Балаларды білім нәрімен сусындатып, қабілетін дер кезінде байқап, дұрыс құндылықтарды бойларына сіңіру жолында еңбек етіп жүрген жандардың еңбегі қай кезде де алғысқа лайық.
ХАЛЫҚБЕК ӘЛТАЙ, БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ
Бүгін менің өмірімдегі ерекше күн. Себебі ұзақ жылғы еңбегімді ескеріп, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Еңбек ардагері медалімен марапатталып отырмын.Өте қуаныштымын. 2.18 Осындай мерекеден мерекеге барлықтарыңыз жете беріңіздер.
Менің әкем 1945 жылдан бастап ұстаздық қызметте болған.50 жылдай. Мен сол әке жолын қуып, ұстаздық жолды таңдадым. Менің жолымды өзімнен кейінгі ұлдарым да, келіндерім де білім саласында қызмет жасап жатыр.
Бүгінде ауданда жалпы білім беретін 39 мектеп бар. Оның ішінде 2 жеке мектеп жұмыс істейді. Айта кетерлігі, ауданда үш ауысымды білім ордасы жоқ. Кейінгі жылдардың өзінде бірнеше білім мекемесі пайдалануға берілген. Ал аймақ басшысының қатысуымен өткен облыстық тамыз конференциясында №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицей «Орта білім беретін үздік ұйым» атанып, 34 млн теңге көлеміндегі қаржылай грантқа ие болған еді. Бұл – әрине, білім саласындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.
АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ, АУДАН ӘКІМІ
«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деп, ұлы Абай атамыз айтқандай мұғалімнің тәрбиесі мен өнегесі, қазыналы білімі шәкірттерінің болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім тәрбюие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Шәкіртінің алдына келгенде жүзінен шуақ шашып, жүрегінен мейірім төгілер, ел ертеңі жас ұрпақтың болашағына алаңдап, келшегіне ізгі жол көрсетер ұлағатты Ұстаз аты ерекше.
Бұл күні мұғалімдерге деген құрмет еселеніп, мерейлі жандардың жүзінен қуаныш пен шаттықтың лебі байқалды. Марапатталған жандардың қатарында 50 жылға жуық білім саласында еңбек еткен Нәйла Әбілқасымқызы да бар. Ол бүгінге дейін қоғамдық жұмыстардан тыс қалған емес.
НӘЙЛА ПАЛЫМБЕТ, АУДАНДЫҚ ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ, БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ
Бүгін Сыр елінде үлкен мереке болып жатыр. Барлық аудандарда, Қызылорда қаласының ортасында да бүкіл ұсздар марапатталып жатыр.Сондықтан Сыр елінің ұстаздары,баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтаймын. Баршыңызға тек мықты денсаулық, шыдамдылық тілеймін. Жалпы ұстаз ұлы қызмет. Мен өзі 2001 жылы білім саласының бастығы болып келіп едім. Ол кезде мектептердің проблмеасы, жалпы білім саласындағы проблемелар қыруар тұғын. Қандай мектептерде жұмыс жасады біздің мғалімдер.Айлық жоқ кезде де жұмыс жасаған.Дым жағдай жоқ кезде де ұстаздар ешнәрсеге мойымай,жұмыс жасап, сол тәрбие жұмыстары, білім беру жұмыстарын алға түсіп, осы Сыр елінің ұстаздары өмірі туды төмен түсірмеген.
АЙГҮЛ КАЮПОВА, №270 Ғ.МҰХАМЕДЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ
Бүгін менің қуанышымда шек жоқ.. Отыз жылдық еңбегімді бағалап, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталып жатырмын. Еліміздің барша ұстаздарын, ауданыыздың барша ұстаздарын осы бүгінгі төл мерекемізбен құттықтаймын. Шәкірттеріңіз етек биіктен көрініп, шығармашылық табыс тілеймін. Еңбек жолдарыңызда тек жақсылық бола берсін.
Бүгінде ауданда 2886 ұстаз 18 мыңнан астам шәкіртке тәлімді тәрбие, терең білім беру мақсатында еңбек етіп келеді.
ДӘУРЕНБЕК НӘСІБЕКОВ, АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Іс шарада аянбай еңбек етіп жүрген ұстзадраға Оқу ағарту министрлігінің,облыс әкімдігінің, облыстық білім басқармасының,аудан әкімдігіні,аудандық білім бөлімінің марапатына еңбек еткен ұстаздарымыздың біршамасы марапат төрінен көрінді.Бұл ұстаздардың жыл бойы жасаған еңбектерінің жемісі деп білеміз.
Бала үшін барын берген мұғалімнің қай кезде де орны бөлек. Ұстаз тұлғасын арманыңа ұқсату үшін де педагогтың білім-білігі жоғары, мәртебесі биік болуы керек. Бұл орайда мамандық иелеріне жиі құрмет көрсетіліП, марапат биігінен көрінгені ерекше қуантады.