#qyzylordatv
Елімізде ұстаздар қауымының кәсіби мерекесі кеңінен аталып өтті. Сырдария ауданында да ұлағатты ұстаздар күніне орай салтанатты жиын болды. Тағылымды іс-шарада шәкірт тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан ардагер ұстаздар мен жас мамандарға сый-құрмет көрсетілді.
Сырдария ауданы бойынша бүгінде 420 ардагер ұстаз болса, 1350 педагог шәкірт тәрбиелеуде. Ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтаған аудан әкімі білім саласын жан-жақты дамытуға басымдық беріліп отырғанын атап өтті.
БЕРІК СӘРМЕНБАЕВ – АУДАН ӘКІМІ // Еліміз жаңа цифрлық кезеңге қадам басқанда ұстаздарға артылар жауапкершілік жоғары. Сондықтан, ел дамуында аянбай еңбек ете береді деп сенім білдіреміз. Дана халқымыз « Ұстазы мықтының ұстанымы мықты» дейді. Білім берген шәкірттеріңіз мерейлеріңізді асырып, биіктерден көрінсін. Мерейлі мерекеде, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ұстаздық жолда шығармашылық табыс тілейміз! //
Жас ұрпақты үздіксіз оқуға, өзін-өзі дамытуға бағыттап, болашаққа сеніммен қадам басуына жол сілтеп жүрген жандарға қандай сый-құрмет көрсетілсе де артық етпейді. Мұғалімдер күні аясында барлығы 87 ардагер ұстаз марапатталды. Шәкірт жолында талмай еңбек етіп жүрген 240 мұғалім түрлі номинациямен марапатталып, белсенді жұмысының жемісін сезінді.
ҒАНИ ЖАМБЫЛҰЛЫ – №42 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ МҰҒАЛІМІ : // Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік. Аудан көлемінде , ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған, ұстаздарды ұлықтайтын, әрі мараппаттайтын шараға куә болып отырмыз. Жалпы, педагогика саласында 35 жыл еңбек өтілімім бар. Соны елеп, аудан көлемінде шара болып жатыр. Осы сәтті пайдаланып, барша ұстаздар қауымын төл мерекесімен құттықтаймын, шығармашылық табыс тілеймін. Енді өзімізден кейінгі келе жатқан ұстаздарға шабыт тілеймін, талмаса екен деймін. Әрбір оқушының бойындағы жұлдызын байқап, жаға білсе, жасанды интеллектіні қолдана білетін, шығармашыл болса екен деймін.//
АЙНАШ СЫЗДЫҚОВА - №42 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ МҰҒАЛІМІ: // көңіл-күй керемет. Өзімдей ұстаздарға, әріптестеріме айтатыным, қиындығымен қызығы мол ұстаздық өмірде, ешқандай талмай , шығармашылық жұмыс жасауға, отбасылары аман және осы өмірдегі барша жақсылықты тілеймін. //
ӘДІЛБЕК РАХЫМЖАНҰЛЫ – ОҚУШЫЛАР ҮЙІНІҢ МҰҒАЛІМІ: // Барша Қазақстандық ұстаздар қауымын, төл мерекелерімен құттықтаймын. Отбасыларыңа амандық, дендеріңе саулық, кәсіби деңгейлерің жоғарылай беруіне тілектеспін. Бүгінгі кереметтей іс-шарадан жақсы көңіл-күймен шығып жатырмыз.//
Ұстаздардың құрметіне арналған мерекелік шара – қоғамның мұғалімге деген шынайы алғысы мен құрметін тағы бір мәрте айқындады.