#qyzylordatv #заңментәртіп
Сыр полицейлері фотокөрме ұйымдастырды. «Заң мен тәртіп» тақырыбында ұйымдастырылған шарада полиция қызметінің сан қырын бейнелейтін ерекше жұмыстар қойылды.Тілші бейнематериалында толығырақ.
Фотосуреттер көрмесі маңызды оқиғаларға толы. Тәртіп сақшыларының қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қызметінен, олардың ерлігі мен жанқиярлығынан сыр шертеді. Жедел алдын алу шараларынан бастап, түнгі рейдтер, қауіпті жағдайда адам өмірін арашалап қалған батырлық мезеттер – бәрі бар.
АСҚАР БАЛҚОЖАЕВ -ОПД ЖЕКЕ ҚҰРАММЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ/Қоғамдық тәртіпті сақтау,азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету,жедел іс-шаралар мен халықпен күнделікті қарым-қатынас сәттері бейнеленген фотокөрмеде полиция қызметкерлері әр фотосуретті түсіндіріп ,нақты жағдайда қалай түсірілгенін баяндады.Ерлік көрсеткен тәртіп сақшыларының оқиғалары да әңгімелеіп,олардың батылдығы мен адалдығы көрермендерге үлгі ретінде ұсынылды.Көрменің басты мақсаты -полиция қызметінің көпқырлығын көрсету,заңға адал қызмет етудің маңызын жеткізу және халық пен тәртіп сақшылары арасындағы сенімді нығайту.
Көрме қонақтары батылдық пен жауапкершіліктің шынайы сәттерін тамашалап, полицейлер жұмысының маңыздылығына мән берді.
ЖАНСАЯ ӨТЕТІЛЕУОВА– ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ/ Қала қонағы ретінде келіп барлығын тамашаладым.Бұл жерде ел қорғандарының,қазақ полициясының үлкен деңгейде жауапты жұмыстарын көруге болады.Бұл мен жерде өзімнің отбасыммен келдім.Ең басты бұл жерде жауапты мамандардың атқарып жатқан жұмыстарына ризашылығымды білдіргім келеді.
Фотокөрме концерттік бағдарлама ұласты. Патриоттық әндер айтылып, шараға қатысушылардың елге деген сүйіспеншілігі сезілді . Көрме ұйымдастырушылары осындай жобалар ішкі істер органдарының имиджін нығайтып қана қоймай, полиция мен қоғам арасындағы сенім мен құрметті нығайта түсетініне сенімді.