#qyzylordatv
Ұстаздар күніне орай қазалылық үш педагог Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, ал бес мұғалім «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісіне ие болды. Бұл «өз уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған» ұлағатты ұстаздарға деген ерекше құрмет. Білім саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі Қазалы ауданында кең көлемде аталып өтті. Жиында үздік педагогтар марапат төрінен көрінді.
Аудан әкімі алдымен саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне, білім саласының дамуына арнаған ардагер ұстаздармен кездесіп, мерекемен құттықтады. Соның ішінде еліміздің білім беру ісінің үздігі, сала ардагері 75 жасқа толған Серік Қуанышбаевқа және отасқандарына 50 жыл болған «Алтын той» иелері, ұстаздар династиясы Жеткербай Махамбетов пен Зейнегүл Шалғынбаеваға ерекше құрмет көрсетілді.
Ұстаздар күніне арналған шара аудандық мәдениет үйінде жалғасты. «Ғұмырын білімге, жүрегін ұрпаққа арнаған...» атты мерекелік кеште ғалым да, шахтерде бас иетін мәртебелі мамандық иелері туралы сахналық қойылым көрсетілді. Түрлі сала қызметкерлері ұстазға тағзым етіп, алғаусыз алғысын жеткізді.
Ұстаз - ұлы тұлға, бала жанының бағбаны, тәлім-тәрбие мен білімнің қайнар көзі, сарқылмас бұлағы. Сондықтан шәкірт санасына сәуле шашып, жүрегіне білім нәрін сепкен ұлағат иесіне қандай құрмет көрсетілсе де жарасымды.
АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ, АУДАН ӘКІМІ \«Алаштың анасы» атанған қасиетті Сыр өңірімен қазыналы Қазалы ауданында Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен, облыс әкімінің басшылығымен білім саласында қарқынды жұмыстар жүргізіліп келеді. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында наурыз айында Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр ауылында 300 орындық «Келешек мектебі» пайдалануға берілді\
Биыл аудандағы 9 мектепке ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Балалардың жайлы ортада сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалуда. Өткен оқу жылында аудан бойынша 859 оқушы Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысып, басым бөлігі мемлекеттік грант иегері атанды. Қазалылық өрендер облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалар мен өнер додаларында топ жарып жүр. Бұл әрине, «өз уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған» ұстаздар еңбегінің жемісі. Мерекелік жиында ұлы мамандық иелері ұлықталып, марапат мінберінен көрінді.
АЛТЫНГҮЛ ТӨЛЕУ, №190 ОРТА МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ \еңбек өтілім 37 жыл. Еліміздің түкпір түкпірінде шәкірттерім әр түрлі мамандық иелері болып қызмет атқаруда. Мен шәкірттеріммен мақтанамын....Ұстаздың еңбегі ерен дейдіғой. Міне, еңбегім еленіп, қуанышқа бөленіп жатырмын \
Ұзақ жыл ағарту саласында еңбек еткен ардагер ұстаздар Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталса, үздік мұғалімдерге министрліктің және облыстың Құрмет грамотасы, облыс, аудан әкімдерінің алғыс хаты табысталды.
АЛТЫНБЕК ҚҰРЫМБАЙ, М.МАТАЕВ АТЫНДАҒЫ №170 ОРТА МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ 1,47\Отан отбасынан басталады дегендей отан қорғаушыларымызға патриоттық тәрбиені осы мектептің саласынан бастаймыз. Оқушыларымызды әскери қызметтен ешқашан қашпайды. ....
ГҮЛНАР АЯП, Е.БОЗҒҰЛОВ АТЫНДАҒЫ №249 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 43 сек.бастап \Бұл ұстазға жасалған үлкен құрмет, қуаныш, мәртебе деп есептеймін. Осыұтсаздық еңбегіме 36 жыл болды. Балаларды өнерге баулып, олардың талантын ашып, биікке самғатып келе жатырмын. Менің шәкірттерім сегіз шетелде болып, қазақ ән өнерін әлемге паш етіп келеді. Бұл әрине, ұстаздың үлкен еңбегі деп ойлаймын ...\
Мерекелік кеште сексеннің сеңгіріне шыққан қос ардагер Қойтанбай Нұрбаев пен Кәдіркүл Жұбатқановаға құрмет көрсетілді.
Мұғалім бір ғана мамандық иесі емес. Ұстаздың бойында бірнеше өнер тоғысқан. Сөзіміздің дәлелі міне, салтанатты шарада №165 мектептің хор ұжымы ән шырқаса, №249 мектеп-лицейдің ұстаздары мен шәкірттері қосылып өнер көрсетті.
Кеш соңында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен мұғалімдер Әбілахат Еспаевтың «Ұстазым менің» әнін бірге орындап, көпшілікке ерекше сезім, рухани демалыс сыйлады.