#qyzylordatv

Қызылорданың ел астанасы болғанына биыл – 100 жыл. Бір ғасырда қаланың қалай өзгергенін, халықтың әл-ауқатының қаншалықты артқанын балаларға жасалған жағдайдан-ақ бағамдауға болады. Қызылорданың кішкентай тұрғындары қазір көрікті шаһарда бақытты балалық шағын өткізуде. Олар қаланы қалай жақсы көреді, өткен тарихымыз туралы біле ме? Ел ертеңін қалай елестетеді? Тілшіміз сұрап білді.

Қазір Қызылорда қаласында көрсең көз сүйсінетін ойын алаңы өте көп. Бүлдіршіндерді шығармашылық пен өнерге, спортқа баулитын орталықтар да аз емес. Әрине, 100 жыл бұрын мұндай жағдай болған жоқ.

Десе де 1925 жылы Қызылорданың астана болуы оң өзгерістерге жол ашты. Қала тұрғындары 22 577-ге жетті. Астана мәртебесіне қол жеткізген соң түрлі мекемелер мен өндіріс орындарының іргетасы қалана бастады. Қос қабатты, әсем үлгідегі үйлер, өнеркәсіп, мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру нысандары бой көтерді.

Ал 100 жылдан кейін қала қалай өзгерді? Кішкентай тұрғындар елдің болашағын қалай көреді? Бұл сұрақтың жауабын білу үшін балалардың ортасына келдік. Олар көрікті қаланы ақ қағазға түрлі-түспен бейнелеп жатыр екен.

 КӘУСАР ҚЫДЫРБАЙ

Мен Қызылорда қаласын жақсы көремін. Бұл менің туған жерім.Осыдан тура 100 жыл бұрын Қызылорда астана болды.Ол көркейе берсін.Қазақстанымыз мәңгі жасасын.

 АБДУЛЛА ҚҰРМАНБАЕВ

Мен Қызылорданы қатты жақсы көремін. Маған мектеп ұнайды. Біздің мектебіміз жаңа.Мен осы орталықта бояймын, сурет саламын. Мен осы қалада тұрғым келеді. Еш жерге барғым келмейді. Мен басқа қалаға барғанда Қызылорданы қатты сағанамын.Қызылорда мен тудым. Сосын Қызылорда маған ұнайды. Қызылорда әдемі.

АЙАРУ БЕЙСЕНБЕК

Нақты 100 жыл бұрын Қызылорда астана болып жарияланған. Қызылорда ең алғашқы қазақ театры, оқу орындары ашылған қала. Біз осы бай мұраны жалғастыруымыз керек. Өйткені Қызылорда көрікті, әдемі болуы керек. Мен бұл суретте киіз үйді, домбыраны, бәйтеректі бейнелегем. Және жарқырған күнді салдым. Мен елімнің болашағына сенемін. Мен өскенде елімнің дамуына үлес қосамын.

 НҰРӘЛИ АЛТЫНБЕК

Қызылорда – әдемі мекендердердің бірі. Оларда түрлі-түрлі аттракцион, ғимараттар бар. Оларды біздің Президентіміз басқарып отыр. Қазақстанның ежелгі қалаларының астанасы – Қызылорда. Болашақта Қызылордада заманауи, түрлі-түрлі үлкен ғимараттар болады және әдемі мекендер көркейе береді.

 НҰРӘЛИ АЛТЫНБЕК

Қызылорда Сыр елі, жыр елі. Неше түрлі ақындар шыққан орын. Қызылордадан түрлі шабыт алған адамдар да бар. Қызылорда астана болған кездер 1925-1929 жылдар. Астана болғанымызға 100 жыл толып отыр. Қызылорда қонақжай, өте жайлы қала.

 Балалардың бірі сурет салса, бірі құмыра жасап, бірі домбыра сабағына асығып бара жатты. Олардың ойынша ең әдемі қала – Қызылорда. Ал оның болшағын қазіргіден де ғажап деп біледі.

 АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА – ТІЛШІ

100 жыл бұрын дәл осындай балаларға арналған ғимарат болады деп кім ойлаған? Ел болашағын жарқын ету үшін күрескен Алаш арыстарының бір кездегі арманы орындалды. Бүгінгі балалар тәуелсіз елде еркін өмір сүруде.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін, – деп Мағжан ақын айтқан еді. Иә, мұндай арманы айқын, бақытты балалар барда тәуелсіздік тұғыры биік болады деген ойдамыз.