#qyzylordatv
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірімізге жұмыс сапарымен келген Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаевпен кездесті. Басқосуда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы мәселелері талқыланды. Мемлекет тарапынан аграрлық салаға жасалған қолдаудың арқасында өсім қалыптасқан. Өткен 8 айдың қорытындысымен 66 млрд. 900 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,5 пайыз, тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 16 пайызға артты.
Ауыл шаруашылығына 9 млрд. 900 млн. теңге инвестиция тартылып, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есе өсті.Биыл 189 600 гектарға дақылдар, оның ішінде 80 900 гектарға күріш егілді. Қазіргі таңда егін жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Егілген күріштің 73 мың гектары орылып, 64 мың гектары бастырылды, 340 мың тонна өнім алынып, әр гектардан орташа 52,9 центнерден өнім алынуда.