#qyzylordatv #тазақазақстан

Алматы облысынан басталған «Таза Қазақстан» road-эстафетасы Сыр өңірінде өз мәресіне жетті. Бірнеше күнге созылған экоэстафета барысында 4 облыс, 1 қала, 15 аудан аумағы қоқыстан тазартылып, тұрмыстық қалдықтар қайта өңдеуге жөнелтілген.

Тазалық табалдырықтан басталады. Қызығы сол, экобелсенділер Сыр өңірінің шекарасынан бастап қоқыс таппай, бірнеше шақырымды бос қапшықпен жүріп өткен көрінеді.Ал, Қызылорданы нағыз таза қала деп отыр. Акциясының басты мақсаты да осы – қоғамда жаңа экологиялық мәдениет қалыптастыру, табиғатқа құрметпен қарауға үндеу.

Осылайша, 3000-ға жуық ерікті жас эстафета аясында табиғатқа жанашырлықтың үлгісін көрсетті. Алматы облысынан Қызылорда өңіріне дейінгі республикалық маңызы бар автожол бойын тұрмыстық қалдықтардан тазартып шықты. Жұмыла кіріскен іске күннің ыстығы мен жауған жауын да кедергі болған жоқ.