#qyzylordatv
Қаламызда ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Ғазиза Әбілданың шығармашылық кеші өтті. Рухани шарада ақынның шығармашылығы мен жаңа кітаптары таныстырылып, мазмұнды жыр мен әуезді әуен үйлесім тапты.
Сыр елінің поэзия әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар ақын Ғазиза Әбілда – нәзік лирикасымен, сыршыл өлеңдерімен оқырман жүрегін баурап келеді. «Таңсәрі», «Сезім серуен», «Қыр гүлі» сынды жыр жинақтары — оның шығармашылық жолындағы маңызды белестердің бірі. Ғазиза Әбілда өңірлік әдеби ортада ғана емес, республикалық деңгейде танымал. Әрі журналистика саласында жемісті еңбек етіп жүр. Ақындық пен журналистік жолды қатар алып жүрген қаламгердің шығармашылығы рухани кеште кеңінен насихатталды.
ҒАЗИЗА ӘБІЛДА, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
Оқырмандармен жүздестім. Студенттер келіп өлеңдерімді оқыды. Біршама студенттер келіп бойларына рухани тағылым алды деп ойлаймын. Туған жеріме келіп сәлем жолдап жатқан аудан әкімдігіне алғысымды білдіремін.Сыр өңіріндегі баспасөздің өкілі Сыр медиа ұжымы сыр бойы газеті, облыстық телеарна барлығы қолдау көрсетті. Алғысымды білдіремін. Бүгінгі кеште менің 3 кітабымның мазмұны таныстырылды жарыққа шыққан. Таң сәрі, сезім серуен және қыр гүлі деп аталатын. Және осы жақында ғана сиясы кеппеген қыр гүлі кітабым оқырмандарға үлестірілді. Оқырмандарға шын жүрегіммен алғысымды білдіремін.
Шара барысында студенттер ақынның өлеңдерін сахнада жатқа оқып, шығармашылығындағы нәзік лириканы көрерменге жеткізді. Сонымен бірге Ғазиза Әбілданың сөзіне жазылған әндер орындалып, жаңа кітаптарының мазмұны таныстырылды. Әдеби қауым өкілдері ақын шығармашылығының ерекшеліктеріне тоқталып, жүрекжарды пікірлерін білдірді.
ДҮЙСЕНБЕК АЯШҰЛЫ, АҚЫН, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
Поэзия деген әлем бұл эстетикалық әдемілікке рухани тазалыққа үндейтін қасиет қо. Ғазиза өзі кішкентай кезінен мектепте жүрген кезінен бастап өлең жазғанын білеміз. Сыр бойы газетінің әдебиет бөлімінде көп жыл жұмыс істедім. Оқушылардың сол кезде хатпен өлең жазып тұратын, сол хатпен өлең жазып тұратын оқушылардың бірі Ғазиза болатын. Зор үмітті ақтап қазір үлкен ақындардың қатарында.
Ақынның шығармашылық кеші Сыр өңіріндегі рухани өмірге ерекше серпін берді. Кеш соңында оқырмандар ақынның жаңа жинақтарын алып, авторға жүрекжарды тілегін жеткізді. Жыр мен әуенге толы әдеби басқосу Сыр елінің поэзияға деген құрметін тағы бір мәрте паш етті.