#qyzylordatv

«Пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін қайта айналымға енгізу ортақ міндет». Облыстық прокуратураның алқа отырысына қатысқан облыс әкімі осылай деді. Жиында жер заңнамасының сақталуына жүргізілген тексеру қорытындысы кеңінен талқыланды.

 Алқа отырысына өзек болған тақырып жеке тұрғын үй құрылысына жер бөлу кезектілігін реттеу, Бас жоспар талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, заңсыз иеленген жерлерді түгендеу, су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы мәліметтерді кадастр жүйесіне енгізу. Облыс проурорының орынбасары жер заңнамасын сақталуына жүргізілген тексеру қорытындысын баяндап, біршама кемшіліктердің бар екенін жеткізді.

Прокурорлар жер учаскесін бөлу мен пайдаланылмай тұрған жер учаскелерін мемлекетке қайтару мәселесінде «бармақ басты, көз қысты» әрекеттердің әлі де бар екенін айтты.. Мәселен кейбір аудандарда инфрақұрылым тартылмаған аумақтардар заңсыз жер телімін беру орын алса, пайдаланылмаған жер учаскелерінің құнын төмендету арқылы салық түсіміне кері әсер ететін жағдайлар да кездесіп отыр. Ауыл шаруашылығы саласында ротация тәртібін сақтамай егін еккен шаруашылықтар да жетерлік. Салдарынан суды ұрлап тұтыну дерегі де байқалған.

 Облыс әкімі бұл істе барлық мүдделі мемлекеттік органдар бірлесе отырып, мәселенің шешімін табу керектігін еске салды.

 Алқа отырысында саладағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында бірлескен іс-шаралар жоспарын бекіту туралы шешім қабылданды.