#qyzylordatv
Елімізде зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділік акциясы басталды. Тұрмыстық жанжалдарды дер кезінде тойтаруды көздейтін шара 16 күнге созылады. Кезекті жиын облыс орталығындағы сауда үйі ғимаратында ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты - отбасы құндылығын насихаттап, тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеттерге жол бермеу. Сондай-ақ, ұрпақ тәрбиесіне жіті көңіл бөле отырып, үлгілі жанұяларды дәріптеуді көздейді. Қалалық полиция басқармасы ұйытқы болған шараға студенттер мен түрлі сала мамандары арнайы шақыртылған. Жиында отбасы құндылығын дәріптейтін кеңестер айтылып, өңірдегі ахуал сараланды. Айта кетейік, жыл басынан бері облыс орталығында тұрмыстық жанжал салдарынан 32 қылмыс дерегі тіркеліп, бірнеше қайғылы жағдай орын алды.
ӘЙГЕРІМ ЕРБОЛАТ – ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМШЕ БАСТЫҒЫ / Отбасы, тұрмыс саласында 11 айдың көрсеткішімен 32 қылмыс орын алып тұр. Оның бесеуі ҚР ҚК 99/1 тіркеліп отыр. Оның төртеуі кісі өлтірумен аяқталса, 1 жағдайда кісі өлтіруге оқталу дерегі тіркелген. Сонымен қатар, денсаулығына қасақана зиян келтіру, және өзге де деректер есепке алынып отыр.../