#qyzylordatv

Келер жылдан бастап Арал теңізінің құрғаған табанына тұзға төзімді өсімдіктер егіле бастайды. Экологиялық жүйені қалпына келтіруді көздейтін ұзақ мерзімді жобаға Болат Өтемұратов қоры мұрындық болып отыр. Маңызды бастама турасында тілшіміз сабақтайды.

 Арал теңізі әлемдегі ең ірі экологиялық апат ошағының бірі. Тіпті теңізден тараған тұз ұшқыны Солтүстік мұзды мұхитқа дейін жеткен. Мұны тоқтатудың жалғыз жолы мелиорациялық жұмыстарды жеделдету. Осы орайда Болат Өтемұратов қоры Берклидегі Калифорния университетімен бірлесіп, инновациялық тың жобаны қолға алып отыр. Бастама аясында теңіз ұлтанына тұзға төзімді галофитті өсімдіктер агро дрондардың көмегімен егіледі.

 ТЕМІРЛАН ЕРБОСЫНОВ – Б. ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫНЫҢ ӨКІЛІ /Басындағы тұқым оратылып жердің астына кіреді. Ол бізге тиімді 3 ұтыс береді қолмен отырғызғанға қарағанда. Біріншіден, күннің аптап ыстығынан қорғайды, екіншіден құстарға қорек болудан сақтайды. Және де желден ұшып кетуден қорғайды. Тұқымнан біз гиферголофиттерді таңдап отырмыз. Олар осындай тұзды жерлерде төзімді. Біз 20 пайыз өсім болады деп жоспарлап отырмыз.../

Арал теңізі – ғаламшардың жан жарасы. Оны емдеуде осындай инновациялық бастамалар маңызды. Жобаға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары да қолғабыс етпек. Пилоттық сынақ келер жылдың наурыз айында басталады. Әуелі 1 гектар аумаққа шөлге төзімді бірнеше өсімдік тұқымдарын егу жоспарланып отыр. Ал, нәтижесіне қарай оның аумағы ұлғайтылады.

РАХАТ ҚҰРМАНБАЕВ - БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ / Біздің ғалымдар командасының жоспары бойынша Сарысазан, Қарабарақ, Жүзгүл, Балықкөз секілді өсімдіктерді жоспарлап отырмыз. Яғни, шөптесін, бұталы, ағаш өсімдіктердің түрлерін қамтиды. Біз арал табанын көгалдандыру жұмыстары бағытында биоалуантүрлілікті ұстану/

 Жаңашыл жобаға Болат Өтемұратов қоры 600 мың доллар бөліп отыр. Ал нәтижесі уақыт еншісінде. Бастысы, теңіз табанына сексеуілден өзге өсімдік түрлерін егудің бастамасы бекіді.