#qyzylordatv
Биыл қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл. Осыған орай облыс орталығында ардагерлер арасында ән байқауы өтті. Өнер бәйгесіне облыстың түкпір-түкпірінен 20 қария қатысты.
Шәмші Қалдаяқов мизам музыка өнерінде есті шығармалардың шырағын жаққан шоқтығы биік тұлға. Құлақтан кіріп, бойды алған тылсым туындылары тарихқа хатталып, жүректе сақталды. Композитордың туған өлке, аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы 300-ден астам әні бар. Ұлттық ән өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті композитордың бай шығармашылық мұрасын дәріптеуді мақсат еткен байқауда қатысушылар алдымен Шәмші Қалдаяқовтың туындыларын орындаса, келесі кезеңде еркін тақырыпта халық әндерін шырқады. Кеш көрермендерге ерекше әсер сыйлап, жастық шаққа саяхат жасағандай күйге бөледі.