#qyzylordatv

Ел игілігі жолында еңбек еткен жандарға қашан да құрмет жоғары. Облыс орталығында су шаруашылығы саласының дамуына зор үлес қосқан ардагерлермен кездесу өтіп, сала мамандарына марапат табысталды.

 Мейрамбек Махаев және Оңдаш Қаражанова – еліміздің су шаруашылығын дамытуға елеулі еңбек сіңірген жандар. Кездесуде олардың өнегеге толы өмір жолы, ел дамуына қосқан үлесі туралы кеңінен айтылды.

Мейрамбек Махаевтың еңбек жолы ірі күріш шаруашылығында бас гидротехник лауазымынан басталған. Одан кейін әр жылдары «Главриссовхозстрой» бас басқармасының жаңа суармалы алқаптарды игеру басқарамасында мелиорация бөлімінің бас инженері, Шымкент гидрогеологиямелиоративтік экспедициясы Қызылорда сол жағалау бөлімінің бастығы, Қызылорда политехникумда жоғары санатты оқытушы, гидромелиорация бөлімі методикалық секциясының меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарған.

Ал Жұбайы Оңдаш Қаражанова ұзақ жылдар бойы «Казюжгипроводхоз» институты Қызылорда бөлімшесінде аймақта салынатын су шаруашылығы құрылыстар жобасын дайындау тобының басшысы болды.

Іс-шарада ерлі-зайыпты ардагерлер Су ресурстары және ирригация министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

 СЕРІКБАЙ ӨМІРЗАҚОВ – ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ

Аймағымыздың дамуы үшін су шаруашылығының ерекше екендігін баршамыз жақсы білеміз. Әрине, осы саланың дұрыс жұмыс істеуіне кадрлардың маңызды рөл атқаратыны белгілі.

Бүгінгі шараның кейіпкері көп жылдар бойы су саласында айрықша еңбек сіңірген ерлі-зайыпты Мейрамбек ағайымыздың отбасы. Соны бүгін университет, су шаруашылығы, Арал-Сырдария бассейндік басқармаларының бірігіп қолдауының арқасында Су шаруашылығы ирригация министрлігінің Құрмет грамотасымен наградталуы біз үшін ерекше мақтаныш.Ардагерлерге деген үлкен құрмет деп түсінеміз. Және де біздің су шаруашылығымыздың дұрыс дамуына ықпал ететіндігі сөзсіз.