#qyzylordatv
«Қазақстанның үздік отандық тауар өндірушісі» номинациясын иеленген «Асыл дән LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де журналистерге брифинг берді.
«Асыл дән LTD» серіктестігі – 2013 жылы құрылған Қазақстандағы жетекші күріш өңдеу кәсіпорындарының бірі. «Лидер», «Янтарь», «Элита», «Баракат» сортты күрішпен қатар терең өңделген өнімдер, күріш ұнтағы, қауыз және тары өндіреді. Бүгінде өндіріс орнында 50 адам жұмыс істейді.
НҰРЛАН АЛДАМЖАРОВ - «АСЫЛ ДӘН LTD» ЖШС БАСШЫСЫ Алған марапаттың мүмкіншіліктерін пайдасын айтып жіберсем. Біріншіден, бұл атақ «Қазақстан бойынша ең үздік тауар». Біз бұл атақпен 5 жыл көлемінде маркетинг есебінде көрме, жәрмеңке немесе логотип есебінде сайттарда өзіміздің өйстіп осы атақпен соғуға мүмкіншілік бар бізде.Ол халықаралық көрмес болсын немесе басқа жерлерде. Екіншіден, бұл біздің компания үшін үлкен бір бедел. Мемлекеттік деңгейде біздің сеніміміз артып жатыр. Өйткені бұл тауарды біз үздік тауар атағын алу үшін біз біршама аудит, тексерістерден өттік. Товарымыз біршама жерлерден тексеріледі, ол бойынша біз керекті сертификациялар аламыз. Сондықтан товармызды жан-жаққа ұсынған кезде осындай атақпен пайдаланымыз.
Он екі жылдың ішінде кәсіпорынның әлеуеті арта түсті. Алтын дәннен тау тұрғызып, ел ырысын еселеп келеді. Бүгінде компания өнімдері ел аумағында және шет елдерде де сұранысқа ие.
НҰРЛАН АЛДАМЖАРОВ - «АСЫЛ ДӘН LTD» ЖШС БАСШЫСЫ
Процент соотношениеге келетін болсақ, 60 пайыздай экспортке шығарып жатырмыз. Өз өнімімізді. Ең жақын елдеріміз Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан. Негізі 15 елге экспортқа келісімшарт жасағанбыз. Оның ішінде Грузия да, Иран да бар. Кейбір кезде Түркияға да, далее зарубеж дейміз ғой, сол жаққа да Россия, Украина сол жаққа ұсынымыз жатырмыз товарымызды. Көбінесе Қазақстан бойынша өз қалаларымызға өз товарымызды жіберіп жатырмыз.