#qyzylordatv

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көлік-транзит саласын дамыту мен цифрландыру мәселесі қаралды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов күн тәртібінде көтерілген мәселе бойынша жиын өткізіп, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктеді.

 Биыл өңірде жол инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен 51 млрд. 464 млн. теңге қаржы бөлініп, жалпы ұзындығы 329 шақырым болатын жол жөнделуде. Жол активтері Ұлттық сапа орталығымен 2087 сынама алынған. Нәтижесінде бірқатар кемшілік анықталып отыр. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов қала, аудан әкімдері мен жауапты сала басшыларына құрылыс жұмыстарын тексеріп, анықталған ақауларды 1 апта көлемінде қалпына келтіруді тапсырды.

ДАНИЯР ЖАНАЛИНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ \ Өздеріңізге белгілі, жүзеге асқан әрбір жобаға бірінші кезекте қойылатын талап – құрылыстың сапасы. облыс көлемінде биылғы жылы жол саласында жүзеге асырылған жобаларды толық тексеріп, нәтижесін баяндаңыз. Жол құрылысы бойынша жүргізілетін жұмыстардың сапасын тұрақты түрде бақылауда ұстаңыздар\

 Қазір күн райы құбылып тұр. Сондықтан Данияр Еренғалиұлы республикалық және ауданаралық маңызы бар автожолдарға инертті материалдарды уақытылы сеуіп, қауіпсіздік шараларына баса мән беру керектігін айтты. Сондай-ақ, алдағы мереке күндері коммуналдық сала қызметкерлері, төтеншеліктер және тәртіп сақшыларына күшейтілген рижемде жұмыс істеуді тапсырды. Себебі, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау ең басты міндет.