#qyzylordatv #заңментәртіп
«Қауіпті жүргізуші» профилактикалық іс-шарасы басталғалы жол жүрісі қағидаларын бұзудың мың жарымнан астам дерегі анықталды. Соның ішінде 25 жүргізуші мас күйінде көлік тізгіндегені үшін жауапқа тартылды. Жол апатына тікелей әсер ететін өрескел құқық бұзушылықтар да бар.
Мәселен, қарсы бағытқа шығудың 7, бағдаршамның қызыл түсінен өтудің 36 дерегі анықталған. Тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілерге жол бермеген 125 көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама рәсімдеген. Сондай-ақ, шара барысында көлік құралын басқару құқығынан айырылған 7 жүргізушінің қайта рульге отырғаны белгілі болды. Ал, бір автокөліктің салонынан шолақ мылтық табылды. Айта кетейік, «Қауіпті жүргізуші» профилактикалық іс-шарасы 14 желтоқсанға дейін жалғасады.