Мәртебелі меймандар Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Елшілер кафесіне» қатысты. Бұл студенттер мен дипломаттар арасындағы еркін пікір алмасу алаңы. Шарада студенттер шетелдік дипломаттармен тікелей тілдесіп, Еуропада білім алу бағдарламалары туралы ақпарат алды.

Бұл форматтағы жиын студенттердің дүниетанымын кеңейтуге және мәдени байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді. Мұнан соң, елшілер қаланың көрікті жерлерін аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Айта кетейік, делегацияның Сыр өңіріне сапарының басты мақсаттарының бірі: аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттырып, еуропалық компаниялармен жаңа байланыстар орнатуға жол ашу. Елшілердің жұмыс сапары жөнінде ертеңгі шығарылымда толығырақ тоқталатын боламыз.