Исламғали Қозбақов облыстық садақ ату федерациясының президенті болып тағайындалды. Іс-шараға ұлттық федерация өкілдері мен облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы қатысты.

Садақ ату федерациясы «Қайсар Арена» стадионы базасында орналасады. Бұған дейін садақ ату федерациясы Астана, Жетісу, Ақмола және Түркістан облыстарында жұмысын бастаса, енді өңірлік бөлім Қызылорда облысында ашылды. Жиын барысында жаңа құрылымның мақсат-міндеттері айқындалып, өңірде садақ ату спортын жүйелі дамыту бағыттары белгіленді. Федерация президенті үйірме қатысушыларының оқу-жаттығу барысын көріп, дайындықтарымен танысты. Үйірме аптаның бес жұмыс күнінде оқушыларды қабылдап, қатысуға шақырады.