Фитосанитариялық қауіпсіздік – аграрлық саладағы өзекті мәселенің бірі. Кез-келген өнімнің қауіпсіздігін қадағалау ауыл шаруашылығы саласында еңбек өнімділігін арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осы ретте облыстық аумақтық инспекция биыл заңбұзушылықтарға жол берген жеке және заңды тұлғаларға 9 әкімшілік айыппұл салған.
Жалпы, былтырғы жылы инспекция тарапынан 2895 фитосанитариялық сертификат беріліп, шет елдерге барлығы 126 мың 981 тонна картон қорап және 921 мың 822 дана паддон экспортталған. Ал, сауда базарларына жүргізілген бақылау қадағалау жұмыстарының нәтижесімен 147 заң бұзушылық анықталып, 12 млн 17 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Мұндай өнімдердің қатарында картоп, анар, құрма, банан және құлпынай бар.
Сонымен қатар, биыл жатаған у кекіреге қарсы 87 гектарға, қауын шыбынына қарсы 1765 гектарға, калифорниялық қалқанша сымырына қарсы 30 гектарға және арамсояуға қарсы 526 гектар аумаққа өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Мұнан бөлек, шегірткелерге қарсы күрес ерте көктемнен басталмақ.