Қызылордаға Еуроодаққа мүше елдердің елшілер делегациясы келді. Үш күн ішінде делегаттар өңірдің инвестициялық әлеуетімен танысады.
Еуроодақ елшісі Алешка Симкич бастаған делегацияны облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев қарсы алды. Делегация құрамында Ұлыбритания, Швейцария, Канада, Австрия, Кипр және өзге де елдердің елшілері бар.
Облыс әкімінің орынбасары қонақтарға өңірдің көрікті жерлері туралы айтып берді. Делегация басшысы Симкич ханым өз сөзінде Қызылорда облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қызықтыратынын жеткізді.
АЛЕШКА СИМКИЧ – ЕУРООДАҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ
//Біздің делегациямыздың құрамында-18 адам, бұл Астанада тұратын түрлі елдердің елшілері, сондай-ақ біздің арамызда АҚШ пен Еуроодақ құрамына кірмейтін басқа да елдердің өкілдері бар. Бізді Қызылорда облысының инвестициялық әлеуеті қызықтырады.
Біз Астанада тұрамыз, бірақ өз елімізді Қазақстанда таныстырамыз, сондықтан басқа өңірлерге де барғымыз келеді. Бұл біздің Қызылордаға алғашқы сапарымыз емес, бірақ мен мұнда бұрын болған емеспін. Сапар барысында облыс әкімімен және түрлі ұйымдардың өкілдерімен, Қорқыт Ата атындағы университет студенттерімен және журналистермен кездесуді жоспарлап отырмыз. Біз аймақтың қалай дамып жатқанын білгіміз келеді және ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін қарастырғымыз келеді//