#qyzylordatv 

Оқыс оқиға. Бүгін Тасбөгет кенті, Бекходжаев көшесінде орналасқан монша мен гараж өртенді.

 

Оқиға азанғы сағат 9:31 шамасында болған. Өрт салдарынан 80 шаршы метр аумақтағы монша мен уақытша тұрғын үйдің және жапсарлас салынған 36 шаршы метрлік гараждың шатыры жанып кетті. Жалпы жалын шарпыған аумақ 96 шаршы метрді құрайды. 

Оқиға орнында 23 қызметкер мен 5 техника жұмыс істеді. Абырой болғанда өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен материалдық шығын көлемі зерделенуде.