Негізгі Жаңалықтар Аралдық кәсіпкерлердің тартуы

Аралдық кәсіпкерлердің тартуы

#qyzylordatv 

Даланың дәмі дастарханға жетті. Аралдық кәсіпкерлер аудан тұрғындарына арнап ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізді. Азық-түлік тауарлары базар нарығынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылды.

Қаз-қатар тізілген мына жүк көліктерінің аудан тұрғындарына ұсынары көп болды. Соның ішінде, «Қамыстыбас» балық питомнигінің өнімдеріне көптің сұранысы ерекше байқалды. Жәрмеңкеде балықтың 10-нан астам түрі саудаға түсті. Бағасы да қалтаға қонымды. 250 келі су маржаны тез арада сатылып кетті.


Бүгінде Аралдың брэндіне айналған «Аралбай» балық заводының өнімдері де жәрмеңкенің төрінен орын алды. Шет елдерге экспортталатын тісті балықтың филесі, ұрт еті мен уылдырығы аудан тұрғындарына ұсынылды. 

Осылайша шаруалар жаз бойы баптаған өнімдерін шығарып, табыс тапса, тұрғындар табиғи таза тауарларды нарықтағы бағадан арзан алды. Жалпы, жәрмеңкеде 60 тоннадан астам өнім сатылды. Ет, сүт, бақша дақылдары, жеміс-жидек пен көкөністің түр-түрі бар.

Жәрмеңкеде аудан тұрғындары қысқы азығын қап-қабымен тасып, азық-түлігін қамдап алды. 

Бөлісу