Мейірман Нұрекеев актерлік шеберлігін сан қырынан көрсеткен жан. Әдепкіде театр сахнасында түрлі рөлдерді сәтті орындап, өз шеберлігін көрсетті. Соның арқасында «Қазақфильм» киностудиясынан шақырту алып, бірнеше киноға түсті. Мейірманның халықтың мейіріміне бөленген, танымалдығын арттырған «Тамаша» ойын сауық  отауы болатын. Бұл байқауды ұйымдастырудағы мақсат қайталанбас таланттың қазақ сатирасына қосқан үлесін салмақтау, лайықты ізбасарларын тәрбиелеу.

СНХ: Әшім Оразбеков – Шиелі ауданының әкімі

Интершум:

Тілші: Көрерменді күлкіге қарық қылған бұл көріністің астарында зілдей әзіл жатыр. Жас отбасындағы ұрыстың түймедей нәрседен шығатынын барынша ұғындырды. Ал Батыстан ат артып келген «Оян» әзіл-ысқақ отауы емтиханға даярлықтың қалай жүретіндігін әзілмен ұтымды ұштастырды. Актерлердің жастығына қарамастан өздеріне жүктелген рөлдерді сәтті сомдады.

Интершум:

Тілші: Маңғыстаулықтар  Мейірманның нағыз ізбасарлары атану үшін күндіз-түні дайындалыпты. Актерлердің сахнада өздерін ұстауы, сөйлеу мәдениеті, қойылымның сценариі көптің көңілінен шықты.

СНХ: Асқар Әділбеков – «Штат Бостон» әзіл-ысқақ отауының жетекшісі /Маңғыстау/

Тілші: Өнер ұжымдары түрлі тақырыпты көтеруге тырысты. Астарлы әзілмен қоғамның мәселелерін жеткізуді мақсат етті.

СНХ: Нұрмахан Елтай – қазылар алқасының мүшесі

Тілші: Осы байқауда тәжірибе толыстырған облыстағы аудандық ұжымдардың деңгейі бір саты жоғары болды. Нақты айтар ойы мен әзілі үндесіп жатты.

Интершум:

Тілші: Сонымен байқау қорытындысында Шиелі мен аралдық өнерпаздар үшінші, «Мереке думан» ұжымы екінші, жамбылдықтар бірінші орынды иеленді. Ал бас жүлде жаңақорғандық «Күлеміз бе, қайтеміз?» әзіл-сықақ отауына бұйырды.

СНХ: Балмұханбет Әбжаппаров -  «Күлеміз бе, қайтеміз?» әзіл-сықақ отауының актеры

Тілші: Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Тәжімұрат Әлжанов