Депутатттар 2024-2026 жылдарға арналған қала бюджетіне өзгерістер енгізді. Сондай-ақ коммуналдық қалдықтарды басқарудың жаңа бағдарламасын бекітті. Бұл мәселелер қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХХ сессиясында қаралып отыр.
Сессия барысында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы 2024 жылғы 8 желтоқсанда Қызылорда қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына өткен сайлау қорытындысын хабарлады. №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Рүстем Ізтілеуов қалалық мәслихат депутаты болып сайланды. Бұл аумақ Сәулет-Саяхат тұрғын аудандарындағы 10 мыңға жуық сайлаушыны қамтиды.
Қала бюджетінің көлемін көбейту басты ұстаным. Бұл ретте кіріс көлемін көбейту мен даму нысаналы трансферттері есебін тиімді жүргізу қажет. Мәселен облыстық бюджеттен бөлінген 2,8 млрд теңге қаладағы ауқымды істерге бағытталды. Бұл ретте дайын тұрғын үйлерді сатып алу мен қоғамдық көліктегі әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялауға жұмсалмақ. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен үнемделген және пайдаланылмаған қаржының да өзіндік есебі бар.
ГҮЛНАР БАЙМАХАНОВА - ҚАЛАЛЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Жылдың басынан бері бізге 3 млрд субсидия берілуде.+ қаржысы бөлінуде.
Жауапты бөлім басшысы бюджеттен қажетті қаржы бөлініп, 2025-2029 жылдарға арналған тұрмыстық қалдықтарды басқарудың жаңа бағдарламасы әзірленіп жатқанын жеткізді.
«Жасыл экономикаға көшу» тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейін елімізде қалдықтарды өңдеу деңгейі 40 пайызға жетуі тиіс. Бірақ біздегі көрсеткіш көңіл көншітпейді. Ал қалдықтарды сұрыптау мәселесі тіптен төмен. Қалада қоқыс қалдықтарын қабылдайтын полигон қуаттылығына сай емес.
Сессияда талқыланған мәселелер жан-жақты қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.