9 жастағы баласына көлік жүргізуге рұқсат берген
#qyzylordatv
Арал ауданында 9 жастағы бала көлік тізгіндеген. Әлеуметтік желілерге бақылау жүргізген тәртіп сақшылары кішкентай баланың рөлде отырған сәті түсірілген бейнежазбаны анықтаған.
Оқиға күндіз Арал көшелерінің бірінде болған. Тексеру барысында жеткіншектің «Toyota Sienna» маркалы темір тұлпарды басқарғаны, ал көліктің өз әкесіне тиесілі екені белгілі болды. Тәртіп сақшылары бала қауіпсіздігіне салғырт қараған ата-ананы жауапкершілікке тартып, сот шешімімен оларға айыппұл салынды.