Негізгі Жаңалықтар Батагөйлер байқауы

Батагөйлер байқауы

#qyzylordatv 

Сыр өңіріндегі дуалы ауыз, шежіре кеуде қариялар батагөйлер байқауында бас қосты. Облыс орталығында өткен тағлымы мол танымдық шараға отызға жуық ардагер қатысып, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетті. 


Халқымызда ежелден қандай іс болмасын әуелі қазыналы қариялардың батасымен басталған. Мәселен, дүниеге шыр етіп сәби келген сәттен бастап бесікке салу, тұсау кесер, сүндет той, келін түсіріп, қыз ұзату, жолға шығарда, дастархан басында міндетті түрде бата беріледі. Міне, батаның қадыр-қасиеті мен мән мағынасын осыған қарап ақ бағамдауға болады.      


 Иә, бата беру талай жылдар өтсе де өз құндылығын жоймай, санамызда сақталып, ел аузында жатталып келе жатқан игі дәстүрдің бірі. Ұлттық тәрбиенің қайнар көзі. Батагөйлер байқауы үш кезең бойынша өтті. Ардагерлер бірінші ел аузында жүрген тарихи тұлғалардың батасын жатқа айтса, екінші кезеңде өздерінің жанынан шығарған батасын берді. Ал, үшінші бөлімде қазақтың ұлттық салт-дәстүріне қатысты викториналық сұрақтарға жауап берді. 


Батагөйлер байқауында Шиелі ауданынан келген ардагер Көшербай Боранов бас жүлдені жеңіп алды. Дәстүрді дәріптеп, ұлттық құндылықты ұлықтауға арналған мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. 

Бөлісу