#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар#айтыс#аманат

Жылдың шымылдық ашар рухани шарасы командалық айтыспен басталды. Айтулы дода «Аманат» партиясының бастамасымен, облыс әкімдігінің қолдауымен өтті. Өнер бәйгесінде Қызылорда мен Алматы командасы топқа түсіп, сырбойылықтардың мерейі үстем болады. Тақырыпты тілшіміз Қозы Көрпеш Жасаралұлы сабақтайды.

 Айтыс - қадау-қадау ғасырлардан жалғасып келе жатқан төл өнер. Төл өнерді төрге оздыру мақсатында былтырдан бастап командалық айтыс өткізіліп жатыр. Алғашқы айналымда Қызылорда мен Шымкент командасы кездесіп, сырбойылықтардың мерейі үстем болған еді. Енді міне, екінші кезеңде алматылық командамен жолығып отыр.

айтыс өнері қазақ халқының рухани байлығы, мәдениетіміздің айнасы. қос өңірдің бүгінгі сөз додасына келген жүйріктерімізге тартысты айтыс тілей отырып, ел рухын асқақтатудағы елеулі еңбектеріңізге алғысымды білдіргім келеді.

 Шара шымылдығын дәстүрге сай қос команданың жас жүйріктері ашты. Олар топ құрамын алқалаған ағайынға таныстырып, жыр бәйгесінің басталғанын сүйіншіледі.

 Айтыс алманы еңбек адамдарын ұлықтауға арналды. Азулы ақындар жұмысшы мамандарды насихаттап, мәртебесін биіктетті. Тағы бір ерекшелік - сүре айтыс, қайым айтыс, түре айтыс, қыз бен жігіт айтысы секілді сөз өнерінің көне жанры қайта жаңғырды. Алғаш боп Мейірбек Сұлтанхан мен Жәмәли Айбын сынға түсті.

 күрделі кезеңде халқымыздың рухани қазынасын арттыруда мақсат тұтады.

Түре айтыста Сырым Әділбек пен Тұрсын Шынарбек, шаппа-шап айтыста Мұхтар Ниязов пен Сауытбек Расул шын мықтыны анықтады. Бексұлтан Орынбасаров пен Ақбота Манарбекқызы қыз бен жігіт айтысының көркін қыздырды.

 Дәстүрлі өнерді дәріптеуді мұрат еткен додада ән жанры бойынша Бисенбек Төлеубай мен Ұлжан Ағлақова топқа түссе, Күнсұлу Түрікпен мен Ербақ Құрметжанұлы термемен тыңдарманды таң-тамаша етті. Алдияр Шағдатов пен Нұрғали Төлебай күмбірлетіп күй төгіп, көптің қошеметін иеленді.

 6 сағатқа созылған аламанда соңғы сәтке дейін таразы басы тең тұрды. Десе де, аз ғана басымдықпен қызылордалық команда жеңіске жетті.

 Ұлттық өнерді ұлықтауға қатысқандардың барлығы қаржылай сыйлыққа ие болды. Жеңіске жеткен қызылордалық команда үшінші айналымда өнер көрсетеді. Дүбірлі доданың финалдық кезеңі мамыр айында Астана қаласында өтеді деп жоспарлануда.