Майдан даласынан жазылған үшбу хаттар облыстық тарихи-өлкетану музейінің асыл қазынасына айналып отыр. Оларда үмітке сүйенген сағыныштың, селкеусіз сенімнің лебі бар.Тақырыпты тілшіміз Нұрайым Төлепберген тарқатады.
«Шырынхан қалай,отбасы аман-есен бе? Денсаулық құдайдың арқасы деп отырған шығарсыңдар. Сендердің сондай болып отыруларыңа тілектерімді білдіріп, отандық сәлемімді жолдап хат жазамын». Иә, осы сынды майданнан келген амандық хаттардың жібі әлі үзілген емес. Бүгінде облыстық музейдің қорында 90-нан астам майдан даласынан келген хаттар сақтаулы.
ЕҢЛІК БАЙМҰРЗАЕВА-ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ // Ұлы Отан соғысы басталысымен майданнан елге, елден майданға жазылған хаттар саны күрт өседі. Соғыс жағдайында елдегі баспа қызметі конверттер мен ашық хаттар толық көлемде шығарып үлгере алмай жатты, оның үстіне майданның алғы шептеріне бірінші кезекті қару-жарақ, азық-түлік, сонан соң ғана пошта салынған қаптар жеткізілді.
Сұрапыл соғыс жылдарындағы хаттар сөзсіз жауынгерлердің де, тылда жұмыс істегендердің де рухын нығайтты. Алайда хаттарды жіберуге конверттер жетіспеді. Сол себепті «солдаттық» деп аталып кеткен үшбу хаттар пайда болды.
ЕҢЛІК БАЙМҰРЗАЕВА-ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ // Үшбұрыш хаттар қалай жасалды? Олар қарапайым дәптердің парағын әуелі оңнан солға қарай, сосын солдан оңғай қарай бүктеп, бүктелмеген жері қалыптасқан тік бұрышты үшбұрыштың ішіне қайырылып енгізілді. Бір ерекшелігі бұндай хаттар конверт секілді желімделмеді және оларға пошталық марка жапсырылмады, себебі хаттар міндетті түрде әскери цензурадан өтетінін білген жауынгерлер оны желімдемей, хаттың сыртына жіберілетін мекен жайын ғана жазып отырды.
Сарғайып тозығы жеткен бұл хаттар бүгінде музейдің ең құнды құжаттарына айланған.
ЕҢЛІК БАЙМҰРЗАЕВА-ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ // Сондай-ақ осы жақын арада бізде жалпы ұлттық дәстүрлі түрде Жас өлкетанушы жобасы ұйымдастырылып келеді. Сол жобасның аясында біздің музей қорына 20 ға жуық хаттар майдан даласынан келіп түсті. Оның ішінде немересі сол өзінің атасының үйіне жазған хаттарын алып келді, яғни ол Шиелі ауданының Жөлек ауылының ұүрғыны Батырхан Айтуғанов. Ол кісі бұл хаттарды жалпы өзінің қарындасы Шырынханға жіберіп отырған екен сол хаттарды біздің музейдің қорына сол апамыздың немересі алып келіп тапсырған болатын . Міне музейіміздің қорында осындай үшбұрыш хаттардың саны артуда.
Майданнан келген әрбір хат-адам тағдыры халықтың жігері мен жеңіс жолдындағы күрестің куәсі.