#qyzylordatv

Өнер әлемінен тағы бір ақпар! Қызылордалық Нұрсәндібек Жақсылық пен Аружан Ишанбек Алматы қаласында өткен XVII республикалық кіші олимпиададан олжалы оралды. Аймақ мерейін асқақтатқан жастарды көпшілік қошеметпен қарсы алды.

Республикалық кіші олимпиада музыкалық колледждер мен мамандандырылған мектеп оқушылары арасында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Өнер бәйгесінде еліміздің әр өңірінен 60-қа жуық өрен бақ сынаған. Сырбойылық өнерпаздарды белгілі әнші Самал Байсейітова бастап барды.

САМАЛ БАЙСЕЙІТОВА – ТӘЛІМГЕР //Жалпы, қазақ ұлттық консерватория 8 оқушы алып барған болатынбыз.

Жалпы, Сыр өңірінен барған студенттер түрлі номинация бойынша өнер көрсетіп, қазылар алқасының оң бағасын алды. Әсіресе, 4-ші курс студенті Нұрсәндібек Жақсылық пен 3-ші курс студенті Аружан Ишанбек көп қошеметін иеленді.

АРУЖАН ИШАНБЕК – БАЙҚАУ ДИПЛОМАНТЫ//Жалпы бұл менің ең бірінші қатысып жатқан конкурсым және соңғы емес деп қатты үміттенемін. Кезінде үлкен курстарымыз қатысқан кезде менде соларға қызығып, менде жүлделі орын алып, осылай мені қарсы алса екен деп қатты ойлайтынмын,армандайтынмын.//

 НҰРСӘНДІБЕК ЖАҚСЫЛЫҚ – БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ // Бұл шығармаларды негізі 2 жыл дайындағам. Ақан Серінің Қара Торғай шығармасы болады бұл бірінші турда. Екінші турда Чиковскийдың әні болған, екінші шығармамда менде Біржан Орезасы болды, Біржан Сара операсынан. Үшінші шығармам Люблю Тебя деген немісше шығарма болды.//

 Айтулы өнер аламанынан үздік шыққан жастар әлі талай белесті бағындырып, ел руханиятын дамытуға еңбек етуді көздейді.